{metadescription}
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлікке кеткен әйел жоғалып кетті

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлікке кеткен әйел жоғалып кетті

Қарағанды қаласының тұрғыны Альфия Асанова із-түссіз жоғалып кеткен.

Отбасының досы - Мұрат Шариповтың қалай із-түссіз жоғалып кеткенін айтты. Оның айтуынша, әйел жаңа жыл қарсаңында азық-түлік алуға шығып кеткен. Алайда, үйге қайтып оралмаған.

«Ол дүкенге сағат 11:00 шамасында шығып, содан кейін үйге келмеді. Ұялы телефоны мен құжаттарын өзімен бірге алмаған. Альфияның 7 жасар қызы мен кәрі анасы бар. Ол жұмыс істемейді, қызының тәрбиесімен айналысады. Пәтерлерін жалға береді. Күйеуімен екі жыл бұрын ажырасып кеткен болатын, бірақ олар араласып тұрады», – дейді досы Мұрат.

Әйелдің жоғалғаны туралы туыстары полицияға арыз жазған. Алайда, еш мәлімет жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде