Ер адам бастауыш мектептегі 20 баланы жарақаттады
Бейжіңде бастауыш мектептегі 20 бала жарақат алды.
16:41 08.01.2019
Белгісіз себептермен мектептердің біріне ер адам шабуыл жасап, 20 баланы жарақаттады. Бейжіңдегі ер адамның шабуылы жергілікті уақыт бойынша сағат 11.17-де болған. Алдын-ала деректер бойынша, 20 бала зардап шекті, мектеп оқушылары ауруханаға жатқызылды, олардың үшеуі ауыр жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Бейжіңдегі бастауыш мектептердің біріне белгісіз адам шабуыл жасап, 20 бала жарақат алған болатын, полиция дереу оқиға орнында күдіктіні ұстады. Ер адамның қолында қандай қару болғаны және не үшін бұндай қадамға барғаны анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!