Мектеп оқушысы мұғалімін тапаншамен атқан
Түркияның батысында Афьонкарахисар қаласындағы мектептің жоғары сынып оқушысы мұғалімін аяғынан атқан.
01:04 09.01.2019
Деректерге сүйенсек, оқушы тапаншаны гитараның қабына салып алып кірген. Алдын ала мәліметке қарағанда, оқушы оқты ұстазымен жанжалдасқан кезінде атқан.
Оның туындауына оқушының сабаққа келмеуі себеп болған. Оқтың даусын естіген мектеп әкімшілігі шұғыл полиция мен дәрігерлерді шақырды. Жарақаттанған мұғалім жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Полиция оқ атқан оқушыны ұстады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!