Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса жансақтау бөлімінен шығарылды
Аман қалған жалғыз адам Айзада Сатыбалдиева палатаға ауыстырылды.
08:38 09.01.2019
Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында Gelandewagen көлігімен соқтығысқан жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел есін жиды, алайда жағдайы әлі де ауыр. Актриса жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.
Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Ішінде актриса Шолпан Елгезекова да болған. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.
Куәгерлердің сөзінше, Gelandewagen көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, басқа көлікті соққан. Артынша кінәлі ол, оқиға орнынан қашып кетті. Тергеу мәліметтері бойынша, жүргізуші мас болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!