{metadescription}
Қарағандыда автобус жігіт пен қызды қағып кетті

Қарағандыда автобус жігіт пен қызды қағып кетті

Оқиға 8 қаңтар күні сағат кешкі 22:00 шамасында болған, жаяу жүргінші жолында автобус жііт пен қызды қағып кетті.

Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақта 25 жастағы бойжеткен мен жігітті қағып кетті.

 «Жаяу жүргіншілерді Республика даңғылындағы тас жолда қағыпты. Автобус жүргізушісі қыздың аяғын басып кеткен. Жәбірленуші туыстарының айтуынша, аяғы толығымен басылып қалған », – делінген жазбада.

«Менің сіңілім мұғалім болып жұмыс істейді. Оның сол аяғын басып кеткен. Жүргізушінің жылдамдықты неге азайтпағанын білмеймін. Қазір жүргізушімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Білуімше, ол шахта қызметкерлерін таситын автобус екен. Ал жігітті біз танымаймыз, ол сіңіліммен бірге жолдан өтіп бара жатқан», – дейді жәбірленушінің әпкесі Анар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде