{metadescription}
Қостанай облысында жол апатынан екі жолаушы қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан екі жолаушы қаза тапты

Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

7 қаңтар күні сағат кешкі 17:00 шамасында Қостанай облысының Денисов ауылынан 15 шақырым ұзақ жерде «ГАЗ» маркалы автокөлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан Honda CRV көлігіне соқтығысты.

Жол апатының салдарынан Honda CRV автокөлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Сондай-ақ, жарақат алған 57 жастағы көлік жүргізушісі мен 10 жасар екі бала  ауруханаға жеткізілді. Екі бала Денисов аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Оларды балалар ауруханасына ауыстыру үшін ұшаққа дайындауда. Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде