Шымкентте ер адам 9 жастағы қызды ешкім тұрмайтын үйге кіргізіп, зорлаған
Жаттығудан келе жатқан 9 жастағы қызды ешкім тұрмайтын үйге кіргізіп зорлаған.
15:40 09.01.2019
Полицейлер күдіктіні әлі ұстай алмады. Оқиға 5 қаңтар күні қыз баланың үйіне 30 метр қашықтықта болған. Журналист Марина Низовкина Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаттығудан келе жатқан қызды ер адам қараусыз қалған үйге кіргізіп, зорлағаны жайлы жазған. Полицейлер қылмыскерді 3 күннен бері іздеп жатқанын айтады.
«Жантүршігерлік қылмыс Шымкентте болды. 9 жасар қыз зардап шекті. Қараусыз қалған үйде, қызды қорлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз жаттықтырудан қайтып бара жатқан, үйіне жетуіне сәл қалған еді...», - деді Марина Низовкина.
«2019 жылдың 5 қаңтарында Шымкент тұрғынынан қызының зорланғаны жайлы арыз түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі Шымкент қалалық прокуратурасы мен полиция департаменті қадағалауға алды», – деп хабарлайды құқық қорғаушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!