Аңшы баласын бұғы деп ойлап, жайратып салған
Оқиға Нефтеюган ауданында болған, аңшы баласын бұғы деп ойлап, жайратып салған.
16:43 09.01.2019
Аңшы баласын бұғы деп ойлап, жайратып салған. Ресейдегі Ханты-Мансийск автономдық аймағының тергеу органдары әкесінің баласын өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиға Нефтеюган ауданында болған. Ауа райының бұлыңғыр кезінде аңшы алдында келе жатқан нысанды бұғы деп ойлап, оған қарай оқ атқан. Алайда ол жануарды емес, өз баласын жер жастандырған.
18 жастағы жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады аймақтық тергеу басқармасының баспасөз қызметінен. РФ ҚК 109-бабының 1-бөлімі («Абайсызда адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: inform.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!