{metadescription}
Маңғыстауда ер адам өзіне байқаусызда оқ атып алған

Маңғыстауда ер адам өзіне байқаусызда оқ атып алған

Маңғыстауда кеудесіне оқ тиген ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ведомствадағы мәліметке сүйенсек, оқиға 9 қаңтар күні болған. Жүрек және өкпе тұсынан оқтан жарақат алған ер адам сағат 11:30 шамасында  ауруханаға жеткізілген.

«Ота сәтті аяқталды. Алайда науқастың жағдайы әлі де нашар. Дегенмен дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтады», –  дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомства өкілі Азамат Сарсенбаев , отаны тәжірибелі дәрігерлер жасағанын айтты. Сондай-ақ, ведомствада ер адамның байқаусызда мылтықтан өзіне оқ атып алғаны айтылған. Құқық қорғаушылар болған оқиғаның жай-жапсарын анықтауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде