{metadescription}
Велотректен қыздар құрамасы Азия чемпионы атанды

Велотректен қыздар құрамасы Азия чемпионы атанды

Джакартада өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасынан топ жарды.

Із кесу жарысында алтын жүлдені қазақстандықтар иеленді. Біздің құрама сапында Кристина Титовская, Ақпейіл Өсім, Эльвира Хамзина және Кристина Стужуктар Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Күміс жүлде Гонконг, қола медаль Қытайлық Тайпей спортшыларының еншісінде. 

"Бүгін кіл мықты құрамалармен жарыстық. Қарсыластарымыз қарымды болса да, біздің қыздар жарап тұр. Сондай-ақ, бүгін жасөспірім ерлер құрамасы олимпиадалық спринт бойынша қола жүлдеге иелік етті. Бұл бағдарлама бойынша Үндістан жеңімпаз атанса, Малайзия екінші орын алғанын айта кету керек. Әлі де жүлдеге таласамыз", - дейді велотректен жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Светлана Тарасова. 

Ертеңгі жарыс күнінде Қазақстанның жасөспірім ерлер құрамасы алтын жүлдеге таласады. Біздің команданың қарсыласы - Жапония. Үшінші орынға Үндістан мен Гонконг командалары үміткер атанбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде