Ұшқыш альпинисті ажалдан аман алып қалды
Францияның Альпі тауларында аяғын жарақаттап алған туристі құтқару операциясы видеоға түсірілді.
09:20 10.01.2019
Франция тауларындағы құтқару операциясының кадрлары Желіде таралып жатыр: полиция тікұшағының ұшқышы күрделі жағдайларда әуе кемесін басқарудың асқан дәлдігін көрсетті. Бруно есімді 19 жастағы альпинист қар жамылған тауларда серуендеп жүріп, тізесін жарақаттап алғаны белгілі болды. Жас жігітті құтқаруға жандармерия тікұшағы жұмылдырылды
Тікұшақ жәбірленуші тұрған жерге барынша жақын барды – қалақшалары жартасқа бірнеше сантиметр ғана жетпеді. Алдымен дәрігерлер түсіп, шұғыл көмек көрсетті, сосын бәрі бірге бортқа мінді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!