ШҚО-да көшкін түсіп, жолды жауып қалды
Шығыс Қазақстанның таулы ауданына көшкін түсіп, қар жолды жауап қалды.
13:33 10.01.2019
Кеше кешке Глубокое ауданының Өскемен-Северное бағытындағы жолда көшкін түсіп, 4,3 мың текше метр қар жолды жауып қалған.
«Зардап шеккен адам немесе бүлінген техника жоқ. Қарды аршуға 3 техника жұмылдырылды. Көшкіннің түсуіне толассыз қардың соңы жылымыққа айналып, арты бұрқасынға ұласуы себепші болған» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратында.
«Қазселденқорғау» мекемесі қыс ортасында аяздың сынуы таулы аудандарды көшкін қаупін тудырып отырғандығын ескертуде. Әсіресе 9-14 қаңтар аралығында тауға шығу қауіпті болмақ.
Дереккөз:ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!