{metadescription}

Қостанайдағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты

Жүк көлігі жеңіл автоны қағып, быт-шытын шығарған. 

Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғындары жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі он жасар баланың өмірі үшін облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері күресіп жатыр.

"Балалардың бірі жабық бассүйек-ми жарақатын алып, жағы сынған. Екінші бала жансақтау бөлімінде. Омыртқасына зақым келіпті. Оны ота жасауға дайындап жатыр", — деп мәлімет берді бас дәрігер Игорь Белобржицкий.

Жол апаты Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 155-ші километрінде болған: жүк көлігі жеңіл көлікке соғылып, быт-шытын шығарған. Жеңіл автода дене шынықтыру пәні мұғалімі Дмитрий Филатов пен оның досы ұлдарымен балықтан қайтып келе жатқан. Көлік апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.