Алматыда 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді
Алматыда 27 ықшамаудан мен 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді.
15:26 10.01.2019
185 көшенің 165 - не тарихи жер су атаулары мен ұлттық танымдық атаулар берілді. Ал 20 көшеге көрнекті қайраткер тұлғалардың есімі берілді. Бас аяғы Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгерді.
Ғаламат, Кемел, Нұршашқан, Байтақ ықшамаудандары пайда болса, 6 бірдей Алғабас - Нұркент, Ботагөз, Ақмаржан, Ғажайып, Дарабоз боп өзгертілді. Одан бөлек көпшіліктің енді Нұр Алатау, Көк Майса, Мұзтау, Дария, Архат секілді ықшамаудандардың атына көздерін үйрете берулеріне тура келеді. Мәслихат депутаттары алдағы уақытта да бұл бастаманы жалғастырып, ел есіндегі ерлердің есімін ұмыт болмас үшін көшелерге беру үрдісін жалғастырамыз дейді.
Бутаковка деп атап кеткен Медеуге апарар жолдағы ықшамаудан бұдан былай Мұзтау деп аталады. Қанша жылдан бері санаға шегедей қағылған Ремизовканың енді Асқартау деген аты бар. Әйгілі Барахолка жақтағы Заря Востокты - енді Шапағат десек, Дубок-Шабыт, Трудовик-Томирис болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!