{metadescription}

UFC 2018 жылдың ең үздік жекпе-жегін анықтады

UFC Тони Фергюсон мен Энтони Петтистің жекпе-жегін 2018 жылдың үздігі деп таныды.

Петтис оң қолының сынуына байланысты екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, сөйтіп, Тони Фергюсон жеңді. Жекпе-жек 6 қазанда Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың жекпе-жегі алдында өтті.

Сонымен қатар, UFC-де жұдырықтасатын ресейлік файтер Забит Магомедшариповтың ауырту тәсілі 2018 жылы үздік деп танылды. Бұл туралы ұйымның Twitter-аккаунттінде жарияланған. UFC 228 турнирінде Магомедшарипов америкалық Брэндон Дэвисті аяғына ауырту тәсілін қолданып жеңген.

UFC-де бұл тәсілді 2018 жылдағы ең мықты деп таныды. Ресейлік UFC-де 2017 жылдан бастап жұдырықтасып келеді. Ұйымдағы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңген. Келесі кездесуін спортшы 2 наурыз Джереми Стивенске қарсы өткізеді. 

Дереккөз: Vesti.kz
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

18 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде