Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев лаңкестердің отандастарымызды қалай алдайтынын айтып берді.
16:34 10.01.2019
Оның айтуынша, шетелдік алдап-арбаушылар біздің азаматтарымызды Интернет арқылы тарта бастаған.
«Бұл насихат әлеуметтік желілерде жүргізілді. Олар ондағы жұмақ өмір жайлы баяндайды. Адамдарды онда бәрі әділетті, барлық діни қағидалар сақталады деп қызықтырған», — деді Рахымбердиев.
Қазір ұрыс алаңдарында – Сирия, Ирак және Ауғанстанда 380-ге тарта қазақстандық бар екенін атап өтті. Көбісі – әйелдер, олармен бірге 400-500 бала тұрып жатыр. Бақытбек Рахымбердиевтің айтуынша, алданып шақырылған қазақстандықтар сол жерге барғаннан кейін шындығында жағдайдың мүлде басқа екендігіне, ешқандай әділдіктің жоқтығына көз жеткізген.
«Онда мұсылмандар мұсылмандарға қарсы соғысып жатыр. Яғни, әртүрлі топтар бір-бірімен қырылысуда. Ол жаққа бір барғаннан кейін қайта шығу мүмкін емес десе де болады. Өйткені, ондай әрекет байқалған жағдайда адамдар өлім жазасына дейін жазаланады. Біздің азаматтардың қашпақ болғаны үшін өлім жазасына кесілгені туралы мәліметтер бар», - дейді Бақытбек Рахымбердиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!