Қостанайда ер адам құрбысын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған
Қостанай облысының Жітіқара қаласында әйел мен ер адамның арасындағы жанжал қайғылы аяқталды.
09:28 11.01.2019
Белгілі болғандай, ер адам бірге тұратын келіншекті өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Аталған жұптың арасындағы бұрын да жанжал шыққан. Өткен жылдың қараша айында келіншек екеуара дау-дамайдан соң терезеден секіріп кетпек болған. Алайда, ол көпқабатты үйдің балконына ілініп қалған. Кейін тәртіп сақшылары келіп, көмек көрсетті. Дегенмен, бұл жолғы ұрыс-керістің соңы қайғылы аяқталды.
«2018 жылғы 19 желтоқсанда Жітіқара қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ер адам мен әйелдің өлі денелері табылды. Өлімнің нақты себеп-салдарын анықтау үшін ҚР ҚК 99 және 105-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!