{metadescription}

30 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке ерте шыға алады

Мұғалімдердің қай жастан зейнеткерлікке шығатындығы анықталды.

Бұл туралы елордадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева мәлім етті. Заң жобасында "педагог белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз жылдық өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие" деп жазылған. 

Суханбердиеваның айтуынша, отыз жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке ерте шыға алады. Яғни жоғары оқу орындарында оқыған жылдар (4-5 жыл) еңбек өтілі болып саналатындықтан, мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті. Мұны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы  ұсынған.

Мәселен, 17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар. 

Сондай-ақ, Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, ұстаздарға ғылыми қызметпен айналысуға шығармашылық демалыс беріледі. Мұндай демалыс уақытында мұғалімнің педагогикалық еңбек өтілі мен жалақысы сақталады және ол 5 жылда бір рет кемінде алты айға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.