{metadescription}
Полиция зорлау ісі бойынша Роналдудың ДНҚ-сын алуға ордер берді

Полиция зорлау ісі бойынша Роналдудың ДНҚ-сын алуға ордер берді

Америкалық модель оны зорлады деп айыптаған.

Лас-Вегас полициясы әйел зорлау ісі бойынша "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың ДНҚ-сын алуға рұқсат етті. The Wall Street Journal басылымының ақпаратынша, полиция Роналдудың ДНК-сы мен Кэтрин Майорга көйлегінен табылған генетикалық материалмен сәйкестігін анықтамақ.

2018 жылы қыркүйекте германиялық Spiegel журналы Майорганың Роналдуды зорлады деп айыптағанын хабалаған. Басылымның хабарлауынша, 2010 жылы футболшы қызға өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген. Соттан тыс келісімшарт бойынша, тараптар мән-жайды ашып айтпауға, ал Майорга айыбынан бас тарту керек еді. Кейін Лас-Вегас полициясы бұл істі қайта қозғады. Футболшының өзі айыпты мойындамады. 

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде