{metadescription}

Жаркентте колледж мұғалімі студенттерді ұрып-соққан

Алматы облысындағы Жаркент қаласында студенттерге қол жұмсаған оқытушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға Жаркенттегі көпсалалы  колледжде қаңтардың 10-ы күні болған.

«Қазір осы оқиғаға орай, арнайы комиссия құрылды. Жағдайға не түрткі болғаны анықталады. Қазір оқытушының үстінен ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеруге орай ол жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Жаркентте көпбейінді колледждің дене шынықтыру пәні мұғалімі студентті ұрып-соқты. Шәкірттердің бірі оқиғаны ұялы телефонына түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратып жіберген. Видеода спорт киіміндегі ер адам жас жігітті бұрышқа тықсырып, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді, сонымен қатар студентті балағаттаған. Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, аталған факті бойынша дене тәрбиесі пәні мұғалімі сабақтан шеттетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде