Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, 13 қаңтарда бірнеше өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады.
08:18 13.01.2019
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, Петропавлда 13 қаңтарда жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел оңтүстіктен 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысы бойынша да кей жерлерде тұман түседі деп болжанып отыр.
13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп ескертті синоптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!