{metadescription}

Атырау – Орал жолында жантүршігерлік апат болды

Жол апаты салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды. 

Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. "Лада" мен "ВАЗ" маркалы көліктері соқтығысқан. 

"Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті", — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы "Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы  немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде