Алматыда жүк көлігі мен автобус соғысып, бір адам көз жұмды
Жол апатынан жүк көлігі мен автобус жолаушылары зардап шекті, екеуі де ауруханаға жатқызылды.
15:00 13.01.2019
Алматының "Шаңырақ" шағын ауданында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Қалалық автобус бұрылу үшін бөгеліп қалған автокөлікті айналып өтпек болғанда, қарсы бетке шығып кетіп, "ГАЗельге" соғылған. Жүк көлігіне газ баллондары тиелген екен.
Жол-көлік оқиғасы түнде Жанқожа батыр мен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болды. Жүк көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы (бірі – "ГАЗельде", екіншісі автобуста отырған) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол апатынан кейін газ шыққандықтан, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылды. Абырой болғанда, жарылыс болған жоқ. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!