Қазақстанның Халық әртісі өмірден өтті
Қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі, көрнекті эстрада-цирк әртісі, Қазақстанның Халық әртісі Сара Оқапқызы Қабиғожина дүниеден өтті.
15:47 13.01.2019
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі, Қазақстанның халық артисі Сара Қабиғожинаның қайтыс болуына байланысты оның туыстарына көңіл айтты.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі, көрнекті эстрада-цирк артисі, Қазақстанның халық артисі Сара Оқапқызы Қабиғожинаның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Еліміздің эстрада-цирк өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген, аяулы тұлға Сара Қабиғожинаның шығармашылық жолы мен жарқын бейнесі ел жадында сақталары сөзсіз», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сара Қабиғожина кәсіби саxнадағы өнер жолын «Қазақконцертте» көркемсөз оқу шебері ретінде бастады. Өмір мен өнерде серігі болған Сұлтанғали Шүкіровпен бірге, қазақ саxнасында сирек кездесетін көзбайлаушы-иллюзионистік жанрда өнер көрсетті.
Сара Оқапқызы 1972 жылы Мәскеудегі эстрада өнерінің бүкілодақтық шығармашылық шеберханасында оқыған. 1978 жылы Карловы Вары, кейін Парижде, Брюссельде өткен дүниежүзілік иллюзионисттер байқауларында Бас жүлдені жеңіп алған. Сондай-ақ, Гаванада өткен (1978) Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік 11-фестивалінің және Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының иегері (1980) атанған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!