{metadescription}

Босқын жүкті әйелге шабуылдап, сәбиін өлтірді

Ауғанстаннан шыққан босқын неміс ауруханаларының бірінде жүкті әйелге пышақпен шабуылдаған.

Салдарынан әлі өмірге келмеген нәресте қайтыс болды. Оқиға 11 қаңтарда Бад-Кройцнах қаласындағы ауруханаларының бірінде болған. Ауғанстаннан шыққан босқын аяғы ауыр әйелге пышақпен шабуыл жасып, 25 жастағы Польша азаматы өміріне қауіпті жарақат алған.

Дәрігерлер әйелге бірден ота жасағанымен оның іштегі баласын сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазір әйелдің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ал, шабуылдаған ер адам ұсталып, прокуратура мен полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде