Жаңаөзенде автокөлік жарылып кетті
Ер адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
01:08 14.01.2019
Жаңаөзенде кеше кешке Toyota Cаmry автокөлігі өртеніп, кейін жарылды. Желіде жарылыстың видеосы жарияланды. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жалын 11 минутта сөндірілген, алайда артынша жарылыс болған.
"Автокөлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде 1987 жылы туған ер адам зардап шекті. Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр", — деп атап өтті Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Қолдарының білезігі мен бетін күйдіріп алған зардап шегуші ауруханаға түсті. Оның жағдайы тұрақты, Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр, деп атап өтті Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!