Алматыда жоғалып кеткен музыкант жігіт өлі табылды
Алматыда қараша айында жоғалып кеткен 19 жастағы Платон Киордың денесі табылды.
11:05 14.01.2019
Бұл туралы "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" атты іздестіру тобы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Платон табылды... Өкінішке қарай, жігіт өлі табылды. Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны Киор Платонның іздестіріліп жатқаны жайлы естіп, оны танып, кейіннен анасына Платонның үйдің шатырынан секіріп кеткенін хабарлаған. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Платонға ұқсас жігіт көпқабатты үйлердің біріндегі бақылау камерасына түсіп қалыпты. Бастапқы мәліметке сүйенсек, анасы Надежда Киор жоғалып кеткен ұлын таныған. Отбасының жақындары бұл ақпаратты растады. Айта кетейік, Платон Киор 2018 жылдың 21 қарашасында сағат 18:00-де үйден шығып, қайта оралмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!