Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады
Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов жасағаны үшін өз кінәсін мойындады.
12:12 14.01.2019
Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.
"Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын. Бірақ өлтіруді алдын ала жоспарлаған жоқпыз", — деді Нұралы Қиясов.
Қиясовтан өзге айыпталушылар орындығында Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева отыр. Ер адам кісі өлтіргені, әйел адам қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!