Алматыда теракт жасамақшы болған шетелдіктер ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда теракт дайындаған күдіктілерді ұстау сәтінен видео жариялады.
12:50 14.01.2019
Арнайы операция 10 қаңтар күні Алматыда өткен. Видео ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланды.
«Қазақстанда теракт жасамақ болған шетел азаматтары – Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталды», – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
Тергеу ісі нәтижесінде қолға түскен күдіктілер ДАИШ содырларының тапсырмасын орындап жүргендері белгілі болды. Олар жарылысты Алматы қаласында адам көп жиналатын жерде ұйымдастырмақ болған екен. Тергеу ісі жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!