Бішкектен шыққан ұшақ апатқа ұшырады
Иранда 14 қаңтар күні Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлады.
15:43 14.01.2019
Ұшақ ирандық компанияға тиесілі болған және ол Қырғызстаннан Иранға чартерлік рейспен ұшқан. Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы «Пайам» әуежайына бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы «Фатх» әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен.
«Бортта болған 16 адамның арасында тек ұшақ инженері ғана аман қалды», — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!