{metadescription}

Такси жүргізушілері көлікте миллион теңгесін ұмытқан адамға ақшасын қайтарды

Ақтөбеде такси жүргізушілері көлікте 1,1 миллион теңгесін ұмытып кеткен тұрғынға ақшасын қайтарып берді.

Қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні Аслан Нәби мен танысы Дарын Ембергенов адамдарды тасымалдап жүріп, белгісіз ер адамды үйіне жеткізген. Біраз уақыттан соң, олар көліктен қомақты көлемде ақша тапқан. Ер адамдар көп ойланбастан бірден құқық қорғау органдарына хабарласқан. Клиенттің ақшасы бар сөмкесін қалдырып кеткенін айтыпты. Біраз уақыттан кейін ер адам полицияға хабарласып, таксиде 1 миллион 100 мың теңгесін ұмытып кеткенін хабарлаған.

Аслан мен Дарынның айтуынша, ақшаны иесі науқас адамның еміне, несиені немесе басқа да қарызды төлеуге жұмсамақ болған болуы мүмкін. Сондықтан ақшаны заңды иесіне қайтарып бергіміз келді, дейді жігіттер. Полиция департаментінің басшысы Аслан мен Дарынға адалдығы мен адамгершілігі үшін алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде