Алматы облысында жігіттің жынын қуамын деп өлтіріп қойған емші ұсталды
Алматы облысында полиция 28 жастағы жігіттің өлімінен соң емші ер адамды қамап қойды.
08:00 15.01.2019
Ауыл тұрғыны 12 қаңтарда өз үйінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптамаға сйкес, 28 жастағы ер адамның кеуде тұсы мен қабырғасы бірнеше рет жарақаттанғаны, жеңіл жарақат болғаны анықталған. Жас жігіт бұл ауыр жарақаттарды жергілікті бақсыға емделуге барғанда алған болу мүмкін.
Марқұмды емшіге оның туыстары әкелгені анықталды. Олардың айтуынша, жігіттің ішіне үш жыл бұрын жын кіріп кеткен. Бес күн бойы оның ішінен жындары қуу арқылы болған ем салдарына қайғылы жағдайға әкеп соққан болуы мүмкін.
«Зардап шегушінің туыстары тарапынан полицияға әзірге ресми арыз түскен жоқ. Бірақ сотқа дейінгі тергеу жүреді. Тергеу материалдарында күдікті ретінде дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы ер адамның аты аталып отыр», – дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінде тергеуді Қарасай аудандық соты жүргізетінн айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!