«Жауын-шашын мен қатты жел» бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Алдағы күндері қатты жел соғып, көктайғақ болады, тұман түседі.
09:37 15.01.2019
Оңтүстіктегі таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады. Ертең Түркістан облысында күндіз ауа райы – жауын-шашынды. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Дәл сол күні Шымкентте де жауын-шашын болжанып отыр. Тәулік бойы соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында да қатты жел тұрады (екпіні 25 м/с).
Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп ескертті синоптиктер. 15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні ертең күндіз және 16 қаңтарда түнде 23-28 м/с дейін барады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!