35 оқушы газ иісіне уланып ауруханаға түсті
Монреалда иіс газынан оқушылар мен қызметкерлер уланған.
12:05 15.01.2019
Бастауыш мектептің 35 оқушысы мен 8 қызметкері Монреалда иіс газынан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы CTV телеарнасы медициналық мекеменің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Бастауыш мектептің 35 оқушысы мен 8 қызметкері Монреалда дүйсенбі күні, иіс газынан уланып, ауруханаға жеткізілген. Газ мектеп ғимаратын жылыту жүйесіндегі ақау салдарынан тараған. Барлығы 300 адам эвакуацияланған.
Қазіргі таңда, уланған оқушылар мен қызметкерлердің жағдайы тұрақты. Өрт сөндірушілер ғимараттты толығымен тексергенін хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!