Қолтырауын өзін тамақтандырып жатқан әйелді жеп қойды
Жантүршігерлік оқиға Индонезияда болған.
13:37 15.01.2019
Қолтырауын су астына опа-далап өндіретін лаборатория жетекшісін сүйреп әкеткен. 44 жастағы Дизи Туво үш метрлік қабырғадан жануарларды тамақтандырып жатқан, бірақ аяқ астынан бес метрлік рептилия секіріп, әйелді сүйреп әкеткен.
Қолтырауын өзге жануарларға қарағанда қатігездігімен танылған, бірақ адамдарға шабуылдамаған еді. Әйел денесінің қалдықтары қолтырауынның ішінен табылды. Әріптестері дереу құтқарушыларды шақырған. Олар әйелдің денесін қолтырауынның ішінен әрең суырып алады.
Қолтырауын ветеринарлық емханаға жіберіліп, оның іш-құрылысын тексерген. Анықталғандай, рептилия бұған дейін басқа қолтырауынды өлтірген екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!