{metadescription}
«Шымкент-Алматы» пойызында әйел босанып қалды

«Шымкент-Алматы» пойызында әйел босанып қалды

14 қаңтар күні Шымкент тұрғыны «Шымкент-Алматы-2» бағытындағы пойызда жас келіншек босанды.

Анықтлғандай, Айгүл Жүзбаева жүктіліктің тоғызыншы айында пойызбен Алматыға жол тартыпты. Көп ұзамай жас әйелдің толғағы басталған. Вагонның жолсерігі Дәурен Байменов пен пойыз бригадасының басқа қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, жолаушыны босандырып алды. Айгүл қыз баланы өмірге әкелді.

Сол күні кешке қарай Тараз стансасында жас ананы жедел медициналық жәрдем  күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді. Таратылған мәліметке қарағанда, өмірге келген нәрестінің денсаулық жағдайы жақсы. Өз кезегінде жас ана Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз жолсеріктеріне алғыс айтты.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде