Тіркелмеген телефондар неге сөндірілмеді?
Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондарға қатысты ескерту жасалғанымен, тұрғындардың ұялы байланысы өшірілмеді.
21:00 15.01.2019
ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мұның себебін түсіндірді. Өз сөзінде Абаев ұялы құрылғыларды тіркеу процесі қалай жүргізілетінін айтты.
«Бұл жұмыс бүгінде тіркелмеген адамдарға қатысты үнемі жүргізіліп жатыр. Барлық байланыс операторымен жұмыс жүргізілуде. Біздің қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше, адамдардың телефонды қолданғанын қалаймыз», – дейді министр.
Заң бойынша ұялы байланыста жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иесі операторға өз ЖСН-ін (егер ол жеке тұлға болса) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлға) хабарлауы тиіс. Қазіргі уақытта абоненттер ұсынған мәліметті салыстырып тексеру процесі жүргізіліп жатыр. Бұл процесс аяқталған бойда шешім қабылданады, дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!