Мерзімінен бұрын қайтыс болудың алдын алатын тәсіл анықталды
АҚШ-тың Колумбия университеті ғалымдары мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін төмендетудің жолын тапты.
11:37 16.01.2019
30 минут бір жерде отыру орнына кез-келген физикалық белсенділік жасаған адам денсаулығына орасан зор пайдасын тигізеді екен. Мамандар 2009-2013 жылдары инсульттің жиілігін анықтау үшін зерттеуге қатысқан сегіз мың адам туралы деректер жинаған. Сонымен қатар, еріктілер төрт күн бойы белсенділікті бақылайтын құрылғыны тағып жүрген. Ғалымдар 2017 жылға дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін есептеді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 минут жеңіл физикалық жаттығу жасау мезгілсіз өлім қаупін 17 пайызға төмендетеді екен. Ал одан гөрі көбірек күш жұмсалатын жаттығулар өлім қаупін 35 пайызға азайтады екен. Тіпті бір-екі минут белсенді демалудың өзі адам денсаулығына зор пайдасын тигізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!