Трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданды деп айыпталды
Берікқожаевға қатысты іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді.
13:09 16.01.2019
11 қаңтар күні түскен арызға қатысты сот отырысы қашан өтетіні әзірге белгісіз. Трансгендер Виктория Берікхожаеваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес «Қоғамнан оқшауланған мекеме қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қаупі» деген айып тағылған. Бұл іс Іле аудандық сотына жіберілді.
2016 жылы есімін Виктория деп өзгерткен Кәрімжан Берікхожаеваны полицейлер Алматыдағы кафелердің бірінен ұстап алған. Ол өзі сияқты трансгендерге жынысын ауыстырғанын жария етемін деп қорқытып, ақша бопсалаған. 2017 жылы сот Викторияны кінәлі деп мойындады. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырып, қыздар колониясына жіберді.
Былтыр жазда, құқық қорғаушы Айман Омарова, Викторияны колонияда қорлады деп жазған. Айтуынша, трансгендер-бойжеткен өзін қыз ретінде қабылдамаған колония қызметкерінің киімін жыртып тастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!