{metadescription}

Алматыда ірі жол апатынан екі бала зардап шекті

Maxima бар жылдамдықпен Hyundai Elantra көлігіне соқтығысты, оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апаты Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Elantra Саин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші Жаңажол көшесінде солға бұрылады. Осы кезде Саин көшесімен солтүстік бағытта Nissan Maxima келе жатқан.   

Hyundai Maxima-ны өткізіп жібермеген. Соңғы аталған көлік тежегішті басып үлгермей, бар жылдамдықпен Hyundai-ды соққан. Осыдан кейін Maxima жиектасқа ұшып түскен. Жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, екеуі де — Maxima-ның жолаушысы. Олар ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр. 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде