{metadescription}
Түркістан облысында оқушыны зорламақ болған күдікті ұсталды

Түркістан облысында оқушыны зорламақ болған күдікті ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында мектеп оқушысын зорламақ болған ер адам ұсталды деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

15 қаңтар күні Сайрам аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторына қыздың әкесі арызданған.

«Белгісіз тұлға оның қызына қатысты азғындық әрекетін жасағанын көрсеткен. Полиция  қызметкері оқушының ата-анасымен барып күдіктіні анықтап ұстап, аудандық  полиция басқармасына жеткізді», — делінген хабарламада.

ҚР ҚК бойынша ер адамға жасөспірімді азғындаған деген айып тағылды. Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеушілер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сондай-ақ арнайы сараптамалар тағайындалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.