Оралда белгілі дәрігер жол апатынан көз жұмды
Оралда 64 жастағы белгілі дәрігер-гинеколог Александра Ненашева жол апатынан кейін көз жұмды.
16:32 17.01.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы 15 қаңтар күні М.Мәметова мен К.Меңдәлиев көшелерінің қиылысында орын алды. Шамамен сағат 12.10-да «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі 1955 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Зардап шегуші бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алған жарақаттар ауыр болғандықтан келіншек ауруханада көз жұмды", -деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345- бабы, 3- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!