Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстан футбол федерациясы мен футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді.
16:52 17.01.2019
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді.
Еске салайық, Стойлов Қазақстан құрамасын наурызда жаттықтыра бастады. Осы аралықта ұлттық құрама үш жолдастық кездесудің екеуін ұтты, алайда, Ұлттар лигасында Грузиядан екі рет жеңіліп, D дивизионында екінші ғана болды. Стойловтың орнына кім тағайындалатыны әлі белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!