Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады
Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында тікұшақ апатқа ұшырады.
17:20 17.01.2019
Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты.
«17 қаңтар күні сағат 16-05-те Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында, «Алатау» шипажайының ашық аумағына «Sky Service» әуе компаниясына тиесілі жекешеншік Еврокоптер-130 тікұшағы құлады. Тікұшақ өртенген жоқ. 1968 жылы дүниеге келген ұшқыш жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы көлі бағытында ұшып бара жатқан», - деді ресми өкіл.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!