{metadescription}
Шымкентте 26 жастағы келіншек 7 баланың анасы

Шымкентте 26 жастағы келіншек 7 баланың анасы

Шымкентте небәрі 26 жасында көпбалалы ана атанған келіншек тұрады.

Жазира Тұрғынованың бұл күнде жеті бірдей перзенті бар. Ол Түркістан облысы, Төле би ауданының тумасы Олжас Әбілдәбеков пен Жазира Тұрғынова 2007 жылы жанұя құрған. Ол кезде отағасы Олжас 19-да, жұбайы Жазира небәрі 17-де болған. Содан бері жас отбасының жеті перзенті өмірге келді. Бұл күнде 4 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 9 жасқа толып отыр. Ал, сүт кенжелері сегіз айлық. Жас аралықтары 1 жас бір айдан басталады.

«Мектепті бітіре салысымен тұрмысқа шығып, Төле би ауданына қарасты Ұзынарық ауылына келін болып түстім. Сол ауылда 11 жыл бойы тұрдық. Ауылды жер болған соң күйеуіме ол жақта жұмыс болмады. Күйеуіме жұмыс табылар деген ниетпен Енді Шымкенттің маңындағы Жұлдыз елдімекеніне көшіп келдік. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз»,- дейді Жазира Тұрғынова.

Көпбалалы ананың сөзінше қазір отбасының тұрмыстық жағдайы көңіл көншітпейді. Отағасы әлі күнге жұмыс таппаған. Тек уақытша жұмысқа жалданып, жанұясын асырауда. Көңілге медеу болатыны тек мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақы ғана. 

«Өзім болсам жеті баланы қарап, үйде отырмын. Себебі, олардың тамағы, мектепке баратыны бар. Қазірдің өзінде 4-еуі мектепке барады. Оларды апарып, алып келу керек дегендей. Үш перзентім әлі кішкентай. Күнделікті тамақ пен киім-кешектеріне қаражатымыз жетпей қалып жатады. Кейде қарыз болып қаламыз.  Күйеуімнің күнделікті тапқан азын-аулақ ақшасын жеткізуге тырысамын. Ара-арасында туыстарымыз бен көршілеріміз қарасып тұрады. Балаларым тамақты тойып ішпесе де амалдауға мәжбүрміз. Енді кішкентайым бір жасқа толса, ондай жағдайымыз қалай болатынын білмедім. Себебі оған төленетін жәрдемақы қазір жанұямыздың негізгі қаражаты»,-дейді Жазира Тұрғынова

Ал, жеті баланың әкесі Олжас Әбілдәбековтың айтуынша, пәтер алуға кезекке тұру жоспарда бар. Бірақ әзірге құжат тапсырмаған. Дегенмен ерлі-зайыптылар жас болғандарына қарамастан жеті перзентінің барына шүкіршілік етеді. Бала-шаға өсіру оңай емес екенін біле тұра осыларды жетілдіріп, үлкен азамат етсек деген армандары бар. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде