{metadescription}

Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу шаралары басталды.

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, қаңтарда 35 838 бала тестілеуден өтеді. 

"Бүгін біз тарихи кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Барлық өңірлер таңғы 7:30-да есеп берді - ауыл, аудан, қала, облыстарда барлық балалар ҰБТ тапсыруға кіріскен. Балалар тағы үш рет тапсыра алады. Маусымда тапсыратын ҰБТ жоғарғы оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Баланың психоэмоциясы жақсарады", - деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

2019 жылдан бастап ақылы ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Қысқы тестілеу кезеңі қаңтардың 18-20 аралығында өтеді. 

«Жалпы, сынақты тапсыру форматында өзгеріс жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді», - делінген Білім және ғылым министрлігі мәліметінде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде