{metadescription}
Өскеменде маскүнем полицейді пышақтап кетті

Өскеменде маскүнем полицейді пышақтап кетті

Өскемен көшелерінде тәртіп күзетіп жүрген сержантты 61 жастағы адам пышақтап кеткен.

Оқиға 15 қаңтар күні кешкі сағат 19.30-да болған.

«Полиция қызметкерлері ішімдікке қатты масайған ер адамды тоқтатып, құжаттарын тексермек болған. Тәртіп сақшыларының заңды әрекетіне бағынғысы келмеген тұрғын, күтпеген жерде полиция сержантына пышақ сілтеді. Сержант кеуде тұсынан жарақат алды», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алған жарақатына қарамастан ол қасындағы әріптесімен бірге мас адамды оқиға орнында тұтқындапты. Жарақат алған сержант аман-есен. Ал, қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталып отыр. Енді үстінен полиция өкіліне күш көрсеткені үшін ҚР Қылмыстық кодекісінің 380-бабының 2-тармағы бойынша  тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.