{metadescription}

Шымкентте үй өртеніп, мүгедек азамат көз жұмды

Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Қызылсай елдімекенінде орын алған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қаңтарда сағат 12:30-да шұғыл кезекшілердің басқару пультіне жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 15 адамнан құралған жеке құрамы мен 4 техникасы, жедел-тергеу кезекші тобының 3 қызметкері жұмылдырылды. Алайда, тілсіз жауды тұрғындар өрт сөндірушілер келгенше өшіріп қойған.

«Жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Үй ішіндегі төсек-орын жабдығы жанған. Оқиға орнынан 1956 жылы туған мүгедек ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі, болжам бойынша - сақтық шараларын сақтамай темекі шегу болып отыр» делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде