Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды
Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайды.
14:57 18.01.2019
Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді. Жоғарғы сот сотталған Челахтың істі қайта қарау туралы өтінішін қанағаттандырғанын растады. Өтініш біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтарын қорғайтын комитетінің шешімімен байланысты.
"Осыған байланысты Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін 2019 жылдың 22 қаңтарында қарайды", - деп хабарлады Жоғарғы соттағылар.
Ведомство мәліметінше, сотталушы сот отырысына қатыспайды. Ол видеобайланыс арқылы шыға алады. Еске салайық, Челах 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!