{metadescription}

Ақтөбеде кондуктор әжеге айқайлап, оны автобустан шығарып жіберді

Куәгердің айтуынша, әйелдің жол ақысын төлеуге ақшасы жетпеген.

«Шық! Сенің сөмкең далада. Басымды қатырма! Шық тез!», — деп кондуктор әйелге айқайлап, даланы нұсқады.

Ал егде жастағы әйел, балаларына бара жатқанын айтып, сөмкесін алып келуді сұрайды. Сәлден соң, әйел автобустан түсіп кетеді. Оқиға орын алған автобустың іші адамдарға лық толы болған, алайда жолаушылардың ешқайсысы егде жастағы әйелге жолақысын төлеуге көмектеспеген. Оқиға нөмірі 8-автобуста орын алды. «ПАТП»  ЖШС-да қазір тексерістің жүріп жайтқаны айтылды:

«Егде жастағы әйелдің қолында мүгедектігін дәлелдейтін қағаз болмаған, сөйтіп, мүгедектігін негізге ала отырып, жолақысын төлемеді. Салдарынан екі әйелдің арасында осындай жанжал туды. Осы экипаж істің мән-жайы анық болмайынша жұмысқа шықпайды. Біз қызметкерлердің ешқайсысы қаламыздың тұрғындарына дөрекілік танытуды қаламаған деп санаймыз. Сонымен қатар, жеңілдік беретін жол ақысымен жүретін азаматтарымыздан, құжаттарын бірге алып жүруін сұраймыз», — дейді компанияның баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде